Зиялы қауым өкілдері алдағы уақытта оқытылатын «Рухани жаңғыру» пәніне Абайдың 45 сөзімен қатар,  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын қосымша түрде енгізуді ұсынды. Елбасы еңбегінің мектеп оқушылары мен ЖОО студенттеріне, жалпы оқырман қауымға берері көп дейді олар.  

ЕРКІН ӘБІЛ, ҚМПИ РЕКТОРЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИТАТЫ:

 - Бұл кітаптың құндылығы – сол оқиғаларға қатысқан адамның, сол оқиғаларды өзі қолмен жасаған адамның қалдырған еңбегі. Мұның жанры тарихи публистика. Сондықтан оқу бағдарламасына кіргізген кезде осы тарихи публистицияның ескерткіші ретінде тарихи дерек ретінде енгізуіміз керек.

 «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы саяси антология. Онда Елбасының тәуелсіздік алған жылдардағы жарияланымдары мен маңызды мәселелерді арқау еткен көлемді мәлімдемелері жинақталған. 508 бет, 4 бөлім, 33 тараудан тұратын көлемді еңбек тарихшылар үшін таптырмас деректерімен құнды. 

ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Тәуелсіз мемлекетіміздің құны бізге шексіз. Ал енді Елбасы осы жердегі әрбір оқиғаның өзін толғаныспен баяндаған. Және жай ғана жаза салу емес, соны толғанып, шешім қабылдау үшін қанша рет толғанып, қанша рет ойланғанын, қандай қиындықтар кездесті... Мемлекет болу деген жай жариялай салумен бітпейді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер