Цифрландырудың арқасында ел экономикасы 30 пайызға өсуі керек. Елбасы тапсырмасына сәйкес цифрландыруды енгізудің нәтижесінде өндіруші өнеркәсіпте өнімнің өзіндік құны төмендейді де өндірістің көлемі арта түседі. Алматыда өткен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» халықаралық форумы бағдарламаның мән-мазмұнын ашып, алдағы жұмыс бағыттарын тиімді жүргізудің жолдарын анықтап берді. Форум жұмысына Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстанның үкімет басшылары, сондай-ақ Әзербайжан мен Тәжікстанның ресми  делегацияы мен халықаралық бірқатар IT компаниялардың өкілдері қатысты. Шетелдік мамандар Қазақстан  технологиялық жаңашылдықтарда жетістіксіз болмайды деген пікір білдірді.

АФИК ЖОХАР, МАЛАЙЗИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Қазақстан жаңа технологиялар әлемінде жаңа бастамалар басында тұр. ЭКСПО халықаралық көрмесін жоғары деңгейде өткізді. Егер Қазақстан жоспарлағандай ЭКСПО аймағында өзінің силиконды алқабын құрса, бұл жастарға технологиялық революция жасауға жол ашар еді.

Цифрландыруды енгізудегі мақсат –  электронды ком­мерция саласында 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашу. Сонымен қатар, әріптес елдермен технологиялық байланыста бірқатар өзгеріс болады сәйкесінше, серіктестік нығая түседі, дейді мамандар.

МАКСИМ КАЗАК, ФОРУМНЫҢ МОДЕРАТОРЫ, СNEWS БАСЫЛЫМЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

 - Қазір жаңа кезең басталды. Бұл - біздің технология туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертетін «Сандық революция» кезеңі. Дәстүрлі шешімдер ескірді. Енді адамның өмір сапасы ақпаратық технологияларды меңгеріп, оны пайдалануына байланысты болмақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер