«Астана» халықаралық қаржы орталығы алдағы15-20 жылдың ішінде әлемнің үздік қаржы орталықтарының ТОП-30 тізіміне қосылуды көздейді. Жаңа мекеменің басқарушысы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, бірінші 5 жылдық толық қуатта жұмыс істеу тәртібіне көшу үшін жұмсалады. Осы уақытта ұйым өзін-өзі  толық ақтап шығады деп күтілуде. Нәтижесінде ел аумағына 3 тен 5 млрд. долларға дейін инвестиция тарту көзделіп отыр. Ал алдағы 10 жылдық жоспарға сәйкес Қазақстанға сырттан 40 млрд. доллар қаржы құйылмақ. Қайрат Келімбетовтың мәлімдеуінше, орталық негізгі ісіне кірісіп кетті. Оның аясында халықаралық арбитражды орталық пен сот аппараты өз жұмысын бастады. Сондай-ақ биржа орталығы құрылды. Бұл орталық «Самұрық-Қазына» Қорымен бірлесіп бірқатар компанияны жекешелендіруге әзірленуде.

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, АХҚО БАСШЫСЫ:

 - «Самұрық»-Қазына» Қорының бүгінгі таңдағы жоспарларына сәйкес үстіміздегі жылдың 4-ші тоқсанында «Эйр-Астана», «Қазақтелеком» және «Қазатомпром» сынды отандық компанияларды жекешелендіру көзделіп отыр. Алғашқы жартыжылдықта инвестициялық конференциялар ұйымдастырылады. Біз өз қызметімізді Сингапур, Шанхай сынды әлемнің үздік деген қаржы орталықтарында таныстыратын боламыз.  Сондай-ақ дәл сондай әріптестікті Еуропа мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен орнату көзделіп отыр.

Бұл орайда Қайрат Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығы капиталының бір бөлігін иемденуге америкалық Goldman Sachs (ГОлдман Сакс) инвестициялық банкі мен «Бір белдеу-бір жол» жобасының бас агенттігі болып табылатын  «Ұлы Жібек жолы» Қоры ниет танытып отырғанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл жоспар іске асса Қазақстандағы алғашқы ең ірі инвестициялық келісім болып тіркелмек. Сондай-ақ орталық басшысы әлемдегі өзге де қаржылық қызметтің ойыншылары қызығушылық танытып отырғанын айтты. 

ҚАРАТ КЕЛІМБЕТОВ, АХҚО БАСШЫСЫ:

 - Бұл тізімде дүнмежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия инфроқұрылымдық инвестиция банкі сынды ірі қаржы институттары бар. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттары, Еуропа мен Азия және Қытай нарығындағы инвестициялық қорлар мен банктермен әріптестік орнату көзделіп отыр. Көпшіліктің пікірінше, Елбасының бас шаһарда «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру бастамасы заманауи қаржылық қызметтерді ұсынудың жаңа революциялық стандарттарын енгізуге жол ашады.  

Еске сала кетейік, «Астана» халықаралық қаржы орталығының салтанатты тұсаукесер рәсімі  шілде айының 5-іне белгіленген.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер