Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапарының қорытындысы Вашингтонның ең беделді «Антлантикалық кеңес» орталығында талқыланды. Диолог форматында ұйымдастырылған іс-шараға Ақ үйдің лауазымды тұлғалары, Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі, Мемлекеттік департамент пен ірі америкалық компаниялар, АҚШ-тың жетекші сарапшылары, дипломатиялық корпустың мүшелері қатысты.

ЛИЗА КЕРТИС, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ КӨМЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - АҚШ пен Қазақстан басшылары кездесуінің негізгі тақырыптарының бірі - экономикалық ынтымақтастық болды. Екі көшбасшы іскерлік  оңтайлы ахуал қалыптастырып, Қазақстанға барынша  Америка компанияларын тарту жолдарын талқылады. Мен Президенттік делегация құрамында 2017 жылдың тамызында Астанаға ЭКСПО-ға бардым. Бұл тамаша жоба. Трамп пен Назарбаевтың кездесуі әрі қарай стратегиялық әріптестікке ықпал етері сөзсіз.

Қазақстандағы АҚШ-тың бұрынғы елшісі Ричард Хоугланд халықаралық проблемаларды шешу жолында  Қазақстан Президентінің көшбасшылығына тәнті екенін атап өтті. Ол Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған елдің бітімгершілік бастамаларын жоғары бағалады.

РИЧАРД ХОУГЛАНД, АҚШ-ТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БҰРЫНҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Тәуелсіздік алған жылдары Президент Нұрсұлтан Назарбаев көпвекторлық дипломатияны құруды қолға алды. Қазақстан Ресей, Қытай, Америка Құрама Штаттары, Еуропалық Одақпен жан-жақты достық қарым-қатынас орнатады. Бұл ел ядролық қаруды таратпау бастамасын қолға алып, экономикалық реформаларды өткізе бастады. 2010 жылы Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқарды. Және алғаш рет ЕҚЫҰ Саммитін өткізді.  Астана Сирия мәселесі бойынша да бірқатар келіссөздер жүргізуге қолғабыс етті. Әрине, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қазіргі төрағалығын атап өткен жөн. Сөзсіз бұл әлемдік аренада Қазақстанның беделін айшықтай түсті.

Сарапшылар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейге көтерілгеніне сенімді. Демек, алдағы уақытта жаңа жобалар жүзеге аспақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер