Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтті

Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтті

Әлемдік трендтерді ескере отырып экономикаларды цифрландыру бойынша бірлескен шаралар әзірлеу. Алматыда өткен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумының басты мақсаты осы болды. Халықаралық жиын Қазақстан Президентінің бастамасымен ұйымдастырылды. Шарада ТМД елдері үкіметтерінің басшылары және 800-ден аса сарапшы бас қосты. Қазақстан бүгінде инновацияларды ендіруді белсенді түрде қолға алған. Осы мақсатта 2025-ші жылға дейінгі мерзімге арнап бағдарлама қабылданды. Алқалы жиында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың форум қатысушыларына жолдаған хатын оқыды. Онда Елбасы  жаһандану дәуірінде және төртінші индустриялық революция жағдайында цифрландырудың маңыздылығын атап көрсеткен. Қазақстан басшысының пікірінше, ортақ нарықтың болуы бірлескен іс-шаралар қабылдауды талап етеді. Сонда Еуразиялық экономикалық одақтың бірлестік ретінде және әр мүше-мемлекеттің жеке дамуына тың серпіліс беріледі.