Қазақстанда Халықаралық жасыл технологиялар орталығы ашылады. Кешен «жасыл» технологиялар реестрін қалыптастыруға және талдама жүргізуге машықтанады. Салалық ведомствоның ақпаратына сәйкес, орталық Электр энергетикасы және энергия үнемдеу институтының базасында құрылады. Биылғы жылдың жазында жаңа құрылым «ЭКСПО-2017» аумағындағы Үздік тәжірибелер алаңынан орын тебеді. Қазірдің өзінде Институт қызметкерлері 105 үздік технологияны іріктеп алып, оларды іске асыру бағытында еңбектеніп жатыр. Мамандар жобалардың экологиялық және инновациялық деңгейін, энергетикалық тиімділігін және Қазақстанда қолдану ауқымын бағалайтын болады. Бұл мақсаттарға қажет 21,7 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны Дүниежүзілік банк бөлген. Сондай-ақ арнайы бағдарламаның шеңберінде әлеуметтік нысандарды, мектептер мен ауруханаларды және көшедегі жарықтандыруды модернизациялау жоспарланған.

ОЛЖАС ӘЛІБЕКОВ, ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырылған технологияларды қолдануды тапсырды. Таныстырылғандардың ішінде 150-і – халықаралық, 27-сі – қазақстандық технология. Біз ең алдымен қазақстандық технологияларды ендіріп көрмекпіз. Бұған қоса, біз Энергетикалық тиімділік картасын құруды қолға алдық, ол жерде де инвестиция тартуды қажет ететін жобалар бар. Жалпы Институттың алаңы Халықаралық жасыл технологиялар орталығының жұмысын бастауға дайын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер