«Тәуелсіздік дәуірі»: Болашақ – аграрлық секторда - Kazakh TV

Болашақ – аграрлық секторда. Еліміздің агросекторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыруға мүмкіндігі жеткілікті. Осыны алға тартқан Елбасы ауыл шаруашылығын дамытуды ілгерілетуші күшке айналдыруды міндет етіп қойып отыр. Өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында Президент саланың соңғы жылдардағы жетістіктерін саралайды. Шаруаларға жасалған мүмкіндіктер мен жеңілдіктер туралы баяндайды. Осы ретте «Агробизнес – 2020» бағдарламасына тоқталып, оның бір жүйеге түскенін жазады. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау 2020 жылы 4,5 есеге арттырылатынын айтады.  

ЦИТАТА:

«...2014 жылы сиыр етін экспорттау 6 есе, шұжық өнімдері 9 есе, сүт 6 есе ұлғайды. Ет консервілерін, қышқылды сүт өнімдерін экспорттау жақсы көрсеткіштерге ие болды. Тек  ұнды экспорттау ғана төмендеді. Тұтастай алғанда, қабылданған бағдарлама қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жағдайын нығайтуға мүмкіндік туғызды. 2015 жылы ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік субсидиялар мөлшері орасан зор сомаға жетті – миллиард доллардай болды. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер салық төлемеді десе де болады».

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер