Өскеменде Қазақстандағы тұңғыш Халықаралық Жоғары Техникалық мектеп жұмысын бастады

Өскеменде Қазақстандағы тұңғыш Халықаралық Жоғары Техникалық мектеп жұмысын бастады. Оқу орталығы атом саласындағы білікті мамандарды дайындайтын болады. Жалпы елімізде атом өнеркәсібі бойынша маман тапшылығы өте жоғары. Сондықтан кадр даярлау ісі өзекті болып тұр. Соңғы жылдары Курчатовта орналасқан Ұлттық ядролық орталықпен бірлесіп Жоғары оқу орындарында мамандар даярлау бойынша бес филиал ашылды. Шетелдік университет мамандары тартылған орталықта кадрлық резерв бөлімі жұмыс істейді.

ОЛЬГА МОМОТ, РФ ҰЛТТЫҚ ЯДРОЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ:

 - Мен ең заманауи ВВЭР-1200 реакторы туралы айта аламын. Ресей қазір бұл туралы жиі насихат жүргізіп, түрлі мемлекеттерде құрылысын жүргізуде. Бұл ең соңғы  технологиямен құрастырылған реактор. Артықшылығы да осы.

ВАЛЕРИЯ  ГАМУЛИНА, ӨСКЕМЕН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

 - Биыл біз зауыт тапсырысы бойынша магистранттармен жұмыс жүргізуді бастадық. Қазіргі таңда алғашқы кафедраның түлектері, барлығы 187 маман зауытта еңбек етуде. Бұл да жеткіліксіз. Дегенмен бірлескен маман даярлау жобасы жемісін беруі тиіс

Халықаралық сарапшылардың пікірі бойынша Қазақстан жоғары техгологиялар мемлекетіне айналуына мүмкіндігі зор. Бұл үшін республиканың қоры жеткілікті. Бұл әрине өнеркәсіптік өнімділік пен адами капитал.

КЕННИ СЕГАЛЬ, ПРОФЕССОР /ИЗРАИЛЬ/:

 - Көліктік инфрақұрылымның дамуы елдеріңізді тауар алмасуға қолайлы ете түседі. Жаңа технологияларды дамыту арқылы дамыған елдермен иық тіресе аласыздар. Шикізат қоры жеткілікті елде ақылды индустрияны дамыту Қазақстанның халықаралық нарыққа бәсекеге қабілеттілігі өте жоғары және сұранысқа ие өнімдер шығаруына жол ашады.  Бұл Қазақстанды жоғары технологияларды тұтынушы ғана емес өндіруші ел қатарына қосады.