Қазақстан мен Өзбекстан туризм саласында бірлескен бағдарламаға қол қойды. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деді. Оның айтуынша, екі елде де туристердің қызығушылығын тудыратын қалалар мен маңызды жерлер белгіленіп отыр.

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

 - Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстанның байланысы экономика болсын, мәдениет саласында болсын қарқынды дамып келеді. Туризм саласында бірлескен бағдарламаға қол қойдық. Оған сәйкес басты бағыттар ретінде Бұқара, Самарқанд, Ташкент, Шымкент және соңғы нүкте Түркістан қаласы белгіленіп отыр.

Сондай-ақ министр биыл Қазақстанда Өзбекстан жылының жариялануына байланысты бірқатар шаралар қолға алынатындығын жеткізді. Еске салсақ, қыркүйек айында екі ел басшыларының кездесуінде осындай шешім қабылданған болатын. Өзбекстанда Қазақстан жылын жариялау ұсынысы да айтылған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер