Қиялдың әлемді өзгертудегі тылсым күші. Астанада еліміздің  белсенді жастары осы тақырып аясында бас қосып, пікір таластырды. Адамзатты толғандырып жүрген жаһандық мәселелерге немқұрайлық танытпайтын білімді де жігерлі ұрпақ қоғамды ізгілендіруге қатысты отты ойларын ортаға салды. Саналы жастардың ортақ пікірі армандаған мақсаттарды ұмтылып іспен жеңе білу керек дегенге саяды. Осылай нақты игі істер жүзеге асады. Ол үшін бүгінгі заманауи қоғамда барлық жағдайлар жасалынған.

НАРГИЗ ТҰРТАЕВА, СТУДЕНТ:

 - Мен үшін қиял ол адамзаттың сарқылмас күші. Жастар қоғамның қозғаушы күші ғой. Бүгінде біздің ойымыз ескеріледі. Оны жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер жасалған.  Біз қазір  сапалы білім мен саналы тәрбие алып жатырмыз. Қазақстанда халықаралық оқу бағдарламаларының үлкен қорыбар.  Тек өзіңе қажеттісін таңдап, ел игілігіне жарар ойларыңды жүзеге асыру керек. 

Пікірталас алаңын еліміздегі Франция елшілігі мен француз қауымдастықтары ұйымдастырып отыр. Әлемнің өзге мемлекеттерінде дәстүрге айналған шара биыл Елордада алғаш рет қолға алыныпты. Тұшымды ойларымен ерекшеленген қатысушы Парижге ұшып қайту билетіне ие болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер