Шетелдік сарапшылар Қазақстан Президентінің АҚШ-қа жасаған ресми сапарының негізгі нәтижелерін атап өтті

Шетелдік сарапшылар Қазақстан Президентінің АҚШ-қа жасаған ресми сапарының негізгі нәтижелерін атап өтті. Келіссөздер барысында 20-дан астам екі жақты экономикалық келісімдерге қол қойылды. Олардың жалпы құны 7 миллиард доллардан асады. Америкалық инвесторлар АйТи және инжиниринг, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымды дамыту салаларындағы ынтымақтастық қызығушылық танытты.

ҚАЗБЕК МАЙГЕЛДИНОВ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Бұл сапарда экономикалық қарым-қатынасты жандандыру келісілді. Былтыр 2016-шы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда жалпы инвестиция көлемі аз болды. Сондықтан кездесу барысында инвестициалық ахуалды жақсарту туралы келісім нәтижелі болары сөзсіз. Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас жоғарғы технологиялар саласында дамитыны маңызды. Еліміздегі цифрландыру саясаты алдағы уақытта АҚШ тарапынан тартылатын инвестицияға негіз болуы тиіс.  

Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған сапарына танымал журналист, жазушы, саясаткер Дмитрий Гордон да шолу жасады. Оның пікірінше, бұл ресми сапар Қазақстанның саяси картасындағы ел позициясын нығайтатын маңызды оқиға болды. Астана үшін Вашингтон сыртқы саясатта және сауда экономикалық байланыстағы ең маңызды инвестордың бірі. Қазақстан өз кезегінде америкалық бизнес үшін әлеуеті мол мемлекет болып табылады.

ДМИТРИЙ ГОРДОН, САЯСИ ШОЛУШЫ:

 - АҚШ Қазақстан экономикасына өткен жылы 50 млрд доллар құйған. Бұл қомақты қаржы екі ел арасындағы сенімділікті білдіреді. Демек америкалық сарапшылар Қазақстанды қуатты әріптес деп есептейді. Маған Дональд Трамп пен Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми кездесуі, ондағы талқыланған мәселелер ұнады. Бұл кездесу екі арасындағы сенім мен сыйластықтиы арттыра түсті. Президент Дональд Трамп пен Нұрсұлтан Назарбаев бір-бірін еркін ұстады, бір-біріне тең деңгейде және құрметпен қарайтындарын көрсетті.