Қазақстан – Орталық Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің кепілі және АҚШ-тың өңір елдерімен ынтымақтастығын нығайтуда шешуші роль атқарады. Америкалық The Hill  саяси апталығы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төрағалығына сай келген АҚШ-қа жасаған ресми сапарының қорытындысын шығарды. Басылымда Вашингтон мен Астананың серіктестігі Орталық Азия аймағында ынтымақтастықты кеңейту және сыртқы саясатты жүзеге асырудағы маңызды қадам болатыны жазылған. Мақала авторы Нұрсұлтан Назарбаевты Орталық Азиядағы көшбасшы деп атап, Дональд Трамп пен қазақ елі басшысының достық қатынастарының жоғары мәнге ие екендігіне тоқталыпты. Сондай-ақ, басылым Ақ үйдің қазіргі басшысы Еуразия жүрегіндегі Астанаға сапар жасау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Олай болса, Дональд Трамп Қазақстанға ресми сапармен келіп, Орталық Азия елдерімен 5+1 форматында диалог жүргізетін Американың алғашқы президенті болады, делінген The Hill апталығында жарық көрген мақалада. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер