Аграрлық ғылымды дамыту, жаңа технологияларды енгізу және Қазақстанның әлемдегі танымал ауыл шаруашылық өнімдерін жасау. Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында осындай міндеттер қойды. Неміс серіктестер ауыл шаруашылығындағы озық тәжірибелерімен бөлісуге дайын. Осы ретте Қазақстан делегациясы Берлинде өткен «Жасыл апта» халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне қатысты. С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев өз кезегінде еліміздің аграрлық әлеуеті туралы баяндама жасады.

АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАТУ РЕКТОРЫ:

 - Заманауи  технологияларды өндіріске енгізуде Германия алда келеді. Біздің бұл елден үйренеріміз көп. Неміс әріптестерінің пікірінше, Қазақстанға дәлдік технологияны енгізетін болсақ, тынайтқышты көлемі қолдану көлемі 50%, ал  жанармаймен гербициттердің қолдану шығындары 25-36% дейін азаяды. Сондықтан Елбасы жолдауында алдымызға қойған мақсаттар нақты орындалуы керек.

Бүгінде ҚазАТУ әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Мәселен, екі дипломды білім беру бағдарламасы аясында Еуропаның екі жүз жылдық тарихы бар Вайнштефон университетімен өзара серіктестік бар. Ал, «Класс» неміс компаниясымен оқу ордасы дәлме-дәл ауыл шаруашылығы орталығын құрған. Болашақта оны ақылды ауылшаруашылығы орталығына айналдырып, ондағы тәжірибені бүкіл Қазақстанға қолдану  көзделген.

ДИТХАРД РУДЕРТ, «ҚАЗАҚСТАН-ГЕРМАНИЯ АГРАРЛЫҚ-САЯСИ ДИАЛОГЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Ауыл шаруашылығы саласында серіктестікті талқылауға арналған  бұл алаңның біз үшін маңызы зор.  Мамандар осы жолы Қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерінің экпортын қалай арттыруға болатындығы мен аграрлық эконмикадағы білім беруді дамытуды талқылады.  Біз өз тәжірибемізбен бөлсуге қашанда дайынбыз.

Кездесу Астанада неміс-қазақ агрофорумын өткізу келісімімен қорытындыланды. Форум биыл көктемде С.Сейфулин атындағы қазақ агротехникалық университетінде өтеді. Оған Германия мен Қазақстанның ғалымдары, инвесторлары мен агроөнеркәсіп кешенінің мамандары жиналады. Жиынның басты тақырыбы Жолдаудағы негізгі міндеттер мен ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу мен аграрлық университеттердің серіктестік орнатуы болмақ.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер