Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық моделі әлемге үлгі. Түрлі ұлт пен ұлысты ұйыстырып отырған еліміздің толағай табыстары – халық бірлігі мен достығының арқасы, дейді елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында дәйекті деректер келтіре отырып, Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің сыры туралы баяндайды.

ДӘЙЕКСӨЗ 148 бет ҚХА туралы:

Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі елдің төл тарихына арқа сүйеп, этностық және азаматтық сәйкестіктің маңыздылығын түсінуге негізделеді. Мен «азамат дегеніміз – шыққан тегіне қарамастан, өз тағдыры мен ел тағдырын ортақ деп қарайтын адам» екенін барлық азаматтардың есіне салдым. Әрине, мұндай сәйкестікке жету үшін біраз уақыт керек, бірақ бұған келмей болмайды. Ал Ассамблея жаңа азаматтықтың көпірі болып табылады. Қазақстан 1996 жылдан бастап бірінші рет 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі мерекесі ретінде атап өте бастады. Бұрынғы бірінші мамыр дәстүрі жаңа қазақстандық мазмұнға ие болды.

Мемлекет басшысының еңбегімен танысқандардың ортақ ойы «Кітап егеменді елдің  темірқазығына айналған жаңа дәуірдің жылнамалық шежіресі іспетті» дегенге саяды. Мұнда Елбасы егемен елдің шежіресін, өзі іргетасын қалаған мемлекеттің ширек ғасырлық тарихын жазып шыққан болатын. Әсіресе қаймағы бұзылмаған қоғамның тірлігіне сызат түсірмеудің қамы жайында баян етеді.

ДАРХАН МЫҢБАЙ, ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біздің тарихымыздың барлық кезеңінде ұлтаралық, этносаралық татулық пен бірлік, бірегейлік мәселелері барлық уақытта өзінің лайықты орнын атқарып келеді.  Бірлікті ту етіп, бірліктің төңірегінде топтасуымыз керек екенін және осы бағытта Қазақстан халқын біріктіруші қазіргі заманға лайықты жаңа деңгейге шыққанын дәлелдейтін кітап.

ПУНИТ ГАУР ,САРАПШЫ /ҮНДІСТАН/:

 - Нұрсұлтан Назарбаевтің кітабын бастан-аяқ оқып шықтым. Туындының ерекшелігі - әр тарауы қысқа-нұсқа жазылған. Президенттеріңіз тәуелсіздік жылдарын шебер суреттей білген. Әсіресе қазақстандағы ұлтаралық келісім моделі әлемнің көптеген елдерінің қызығушылығын тудырып отыр. Меніңше бұл кітапты оқулық ретінде пайдалануға әбден болады. 

Сындарлы жылдары ырысы ыдырамаған қазақ жерінде жалпыға бірдей тең дәрежелі құқықтық деңгей сақталған.  Бір шаңырақ астында бейбіт күн кешу – осының айғағы. Өзгелер сабақ алып, үлгі тұтады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер