Қазақстан мен Өзбекстан Ұлы Жібек жолында жаңа саяхат бағыттарын құрады

Қазақстан мен Өзбекстан Ұлы Жібек жолында жаңа саяхат бағыттарын құрады

Ұлы Жібек жолындағы көне іздерді жаңғыртып, жаңа саяхат бағыттарын құру. Қазақстан мен Өзбекстан елдері осындай бірлескен жобаны қолға алып отыр. Өткен айда тараптар тиісті құжатқа қол қойды. Оның аясында туристер қос мемлекеттің аумағындағы киелі жерлер, тарихи нысандарға аялдап, ежелгі керуен жолымен таныса алады. Қазір қос тараптың тиісті мемлекеттік органдары мен тур операторлары ортақ трансшекаралық бағыттардың тізімін түзуге кіріскен. Жер шарын кезуді әдет еткен саяхатшылар үшін мүлдем жаңа бағдардың жоспары бекітілетін болады дейді, ұйымдастырушылар. Осылайша аймақты төрткүл дүниеге паш етіп, туристердің ағынын көбейту көзделуде. 

РАШИД  КҮЗЕМБАЕВ, «KAZAKH TOUIRSM» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ :

 - Жақында ғана Шымкент пен Ташкент арасында автобус маршруты жүрейін деп жатыр. Қазір, Хоргосқа Өзбекстаннан жұмасына 5 маршрут келіп отыр. Бүгінде Хоргоста үлкен жұмыстар жасалып жатыр, туристер үшін көптеген объектілер ашылып жатыр. Біз маршрут бағыттарын 2 есе көбейтсек, ол біз үшін үлкен жетістік болады.

Бұл мәселені егжей-текжейлі шешіп, елдерімізді шетелдік саяхатшылар үшін тартымды ету үшін бірқатар екі жақты кездесулер өтетін болады. Айта кетейік, жоба Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында ұйымдастырылатын игі шаралардың бірі.