Қазақстан аймақтағы халықаралық жобалардың үйлестірушісі ретіндегі беделін артырып келеді.  Мәжілісте «ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Солтүстік және Орталық Азия үшін Субөңірлік бөлімшеге арналған әкімшілік және қаржылық рәсімдерге қатысты келісімді ратификациялау» жөніндегі заң жобасы мақұлданды. Құжатқа сәйкес жергілікті тарап Алматы қаласында орналасқан халықаралық ұйымның кеңсесін пайдалану мен бағдарламалық қызметіне жыл сайын 100 мың АҚШ доларын бөледі. Халық қалаулыларының айтуынша, келісімнің құпталуы БҰҰ және Қазақстнның  аймақ бойынша жүргізіп келетін бастамалары мен бірлескен жобалардың іске асуына жаңа серпін бермек. Жалпы өңірдегі елдердің арасында  әлеуметтік-экономикалық дипломатияны тұрақты әрі қарқынды түрде іске асыруды қамтамасыз етеді дейді.

МҰХТАР ТІЛЕУБЕРДІ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біріккен Ұлттар Ұйымының хабы Ыстамбұл мен Банког арасындағы географиялық арақашықтықты, сонымен қатар ұйым қызметіне және Орталық Азиядағы бағдарламалардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Қоршаған ортаны қорғау, транспорт, статистика саласында кадрларды дайындау, БҰҰ тұрақты дамуы мақсаттарынын іске асыру саласындағы аймақтық өзара әріптестікті белсенді дамытуда.

Сондай-ақ мәжіліс депутаттары « Қазақстан Үкіметі мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес тараптар  өзара 1 гектар көлеміндегі жер телімдерін 49 жылға дейінгі мерзімге символикалық жалдау ақысымен пайдалануға береді. Құжат бұл келісімнің құқықтық негіздерін айқындайды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер