Қазақстанда мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Еліміздің Парламенті Мәжілісінде  кәсіпкерлікті реттеу бойынша өзгерістер енгізудің жаңа жобасы қаралды. Құжатты құрастырушылардың айтуынша, Қазақстанда таңдамалы тәртіп бойынша жүргізіліп келетін тексерістің орнына алдынала қадағалау институтын еңдіру көзделуде. Қолданыстағы жүйеден айырмашылығы тіркелген заңбұзушылықтар үшін қазіргідей бірден әкімшілік хаттама толтырылмай олқылықты түзеу бойынша тек ескерту жасалатын болады. Алдын ала бақылау тәуекелдерді бағалаудың негізінде жүргізілмек. Тексерілетін нысан иесі алдынала ескертіліп, әр қадағалау процесі прокуратура органдарында тіркеуге алынады.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Бұдан бұлай тексерушілер алдына-ала тексеріс жүйесін қолданатын болады. Бұл форма бойынша бизнес субектілері әкімшілік жазаға тартылмайды. Ондай тексерістердің  қорытындысы бойынша заңбүзушылықтарды түзеу бойынша ұсыныстар тізімі жасалған ескерту қағазы беріледі. Бизнес жүргізу ісінің заңдарын бұзған кәсіп иесіне келесі тексеріске дейін бар олқылықтарды жою үшін уақыт беріледі. Ескертуге құлақ аспай ескерілмеген жағдайда ғана жазаға тартылатын болады.     

Жалпы жаңа жоба бойынша 13 кодекс пен 100 ге тарта заңға мыңға жуық өзгеріс еңгізіледі деп жаспарлануда. Құжаттты құрастырушылар бұл толықтырулар Қазақстанның дүниежүзілік банктің «Дуинг бизнес» жүйесіндегі көрсеткіштерін жақсартудың қамы дейді.  Сонымен қатар заң жобасы аясында кәсіпкерлердің айыппұл мен жер телімдеріне төленетін өтемдерінің шығынын қысқарту жағыда ұсынылуда.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер