«Астана» халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастады

«Астана» халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастады, қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитет іске қосылды. Олар инвестициялық және активтерді басқаруды қоса алғанда ақша операцияларының кең ауқымын лицензиялаумен айналысатын болады. Сонымен қатар, алғаш рет посткеңістік кеңістіктегі қаржы орталығының сот төрелігіне ағылшын құқығы заңы енгізілді. Бүгінде АХҚО –ның қолданыстағы құқығы әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген. Бұдан бөлек,  коммерциялық және азаматтық дауларды қарастыратын тәуелсіз сот және халықаралық арбитраж құрылып, экспат орталығы ашылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл елордаға халықаралық сарапшыларды тартуды жеңілдетеді. Айта кету керек, «бір терезе» принципі қаржы орталығында да жұмыс істейді. Бұл жоба визаларды беруді, тіркеуді қамтамасыз етеді, жұмысқа рұқсат алуды және шетел азаматтарына арналған басқа да рәсімдерді жедел түрде атқарады.