«Тәуелсіздік дәуірі» кітабындағы БҰҰ тақырыбы - Kazakh TV

Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында БҰҰ-мен ынтымақтастық еліміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болды деп атап көрсетті. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты емес мүшелігіне сенімді жеңіспен сайлануы 2016 жылғы сыртқы саясаттағы үлкен жетістік. Ұйыммен  мығым байланыс орнатудың тиімділігі туралы Нұрсұлтан Назарбаев «БҰҰ-мен ынтымақтастық – біздің еліміздің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі. Беделді ұйымға толыққанды мүшелік мемлекетімізге осы көпқырлы ұйымның алдыңғы қатарлы қорларымен, агенттіктерімен және бағдарламаларымен тығыз байланыста болуға, халықаралық өзара әрекеттестіктің бірқатар салаларындағы еліміздің жинақтаған оң тәжірибесін енгізе отырып, ядролық қару таратпау, экономика, денсаулық сақтау, білім, экология, әлеуметтік қорғау салаларындағы ұлттық мүддемізді жемісті қорғап қалуға мүмкіндік берді. Қазақстан БҰҰ-ның саммиттері мен сессияларына, конференцияларға белсене қатысып, дүниежүзілік ұйым алдында өз мәртебесін көтерді»,- деп жазады. Қазақстан дүниежүзілік ұйымға мүшелікке өту арқылы әлемнің басқа мемлекеттерімен өзара қарым-қатынастың жаңа сатысына жетіп, Орталық Азияның жетекші мемлекеті ретінде мәртебесін нығайтты. Сонымен қатар, аймақтың мүдделерін халықаралық аренада алға жылжытып, қолдауға қабілетті.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер