Қазақстан мен Өзбекстан ағын суды ортақ пайдалану жөніндегі келісімге қол жеткізді - Kazakh TV

Қазақстан мен Өзбекстан ағын суды ортақ пайдалану жөніндегі, келісімге қол жеткізді. Орталық Азия елдерінің су әлеуетін ұтымды пайдалану Арал теңізінің жағдайын айтарлықтай жақсартады. Көршілес елдердің ғалымдары экологиялық ахуалды жақсарту, орман және балық шаруашылығын дамыту, сондай-ақ Сырдария мен Достық арнасында ағып жатқан су ағынын азайтудың жаңа жолдарын қарастырды. Ағын суды ортақ пайдаланудың жалпы жүйесіндегі қажеттілік сарапшылардың назарын аударады, бұл аграрлық сектордың дамуына тың серпін береді.

ШАВКАТ РАХИМОВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОЦЕНТІ, ПРОФЕССОР/ТАШКЕНТ/:

 - Көрші Қазақстандағы фермерлермен жүздесіп көптеген мәселерді бірлесіп шешіп отырамыз. Бұл шешімдер су шығынын азайтуға ғана емес егін алқаптарын суғаратын жаңа техникаларды қолдануға бағытталған. Су қанша үнемделсе соншалықты экологияға жақсы болады. Яғни қоршаған ортаның ақуалын қалыпты ұстаудың бірден бір жолы. Су шығынын азайтып, қажетіне қарай мақсатты жұмсау арқылы  үнемдеуге болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер