Орталық Азия мемлекеттері сандық технологияны жаппай енгізе бастады

Орталық Азия мемлекеттері сандық технологияны жаппай енгізе бастады

Орталық Азия мемлекеттері сандық технологияны жаппай енгізе бастады. Биылғы жыл ірі көлемді жобалар мен бағдарламардың бастау алатын кезеңі болайын деп тұр. Бұл ең алдымен аймақтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталып отыр. Мәселен, өткен жылы Қазақстанда арнайы «САндық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. ОЛ жоғары технологиялық инфрақұрылымды құруға, электронды және мобильді үкімет жұмысын үйлестіруге, сандық индустрияға бағытталып отыр. Бағдарламаның нәтижесінде – энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, логистика мен ақпараттық технологиялар саласында жоғары көрсеткіштер өсімі күтілуде. 

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Сандық жүйеге көшу аймақта 2018 жылғы ең елеулі оқиға болмақ. Әрине мұнда  Қазақстан жетекші ел. Біздің елімізде арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Кең ауқымды бұл бағдарлама түрлі нақты шаралар мен бүл мәселеге кешенді және жүйелі түрде көшуге бағытталған көптеген жоспарлар қамтылған.

Аймақтағы өзге мемлекеттер де сандық жүйенің маңыздылығын ескеріп, әрекет етуде. Қырғызстанда биыл арнайы «Таза коом» бағдарламасы іске қосылды. Оның көмегімен ел үкіметі мемлекеттік қызметкерлердің жұмысысының тиімділігін арттыруды көздеп отыр. Ал Өзбекстанда аймақтық  Digital CASA аймақтық бағдарламасы қабылданған. Бағдарламаның басты артықшылығы аймақтың  трансшекаралық телекоммуникациялық жүйесі Орталық және Оңтүстік Азия елдерін бірыңғай сандық хабпен байланыстыра алады.  

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бұл жүйеге көшудің маңызды тұстарының бірі  Орталық Азия  аумағында мемлекеттер мен ел азаматтарының өзара қарым-қатынасына оң әсерін тигізеді. Яғни, биліктің қоғаммен қарым-қатынасында коммуникация пішіні  мен қағидаты өзгереді. Мұның бәрі бірден орнайды деу қиын, бірақ біртіндеп осыған келеміз.

Жалпы алғанда  2018 – инновациялық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда серпінді жыл болады дейді сарапшылар. Болжам бойынша Орталық Азия елдеріндегі   цифровизация үдерісі алдағы уақытта тек алға қарай дамиды. Бұл аймақтағы елджердің экономикасының өркендеуіне де өзінің оң ықпалын тигізуі тиіс.