Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сарапшылар пікірі - Kazakh TV

Биылғы Жолдау Елбасының қазақ халқына арнаған 22-ші үндеуі. Мұндағы тезистер әлемдік экономикалық үрдіспен тығыз байланысты. Өнеркәсіптегі жоғары технология мен адами капиталдың сапасының артуы елді көшбасшы мемелекеттер тізіміне енгізеді. Еуразиялық экономикалық даму банкінің бас экономисті Ярослав Лисоволик, Елбасы ұсынған он бағыт Қазақстанды жетістікке жеткізіп, 30 дамыған елдің қатарына тездетіп кіруіне мүмкіндік береді, дейді.

ЯРОСЛАВ ЛИСОВОЛИК, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ДАМУ БАНКІНІҢ БАС ЭКОНМИСІ:

 - Соңғы он жылдықта жүргізілген экономикалық зерттеулердің нәтижесі адами капиталдың дамуы экономикалық өсімнің негізгі факторы екенін көрсетті. Президенттің қалаларды дамытудағы бағыты өте маңызды. Бұл үздік саяси елдерде өзекті салалардың бірі. Шынында, қазір бәсекелестік әр мемлекеттің арасында емес, әлемдік қаржы орталықтарында, сауда ағыны мен адами капитал салаларында жүріп жатыр.

Елбасы жолдауындағы алтыншы бағытта қаржы мәселесіне басымдық беріледі. Қаржы секторын қайта жаңғырту –экономикалық жауапкершілікті еселемек. Осы ретте Мэтхеранд венчурлық орталығының бас директоры Найджел Дэвис Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын қолдап отыр. Британиялық сарапшы Қазақстанда жаңа технологияларға деген сұранысты ынталандыруға және венчурлық қаржыландырудың жеке нарығы қызметіне көңіл бөлінетінін толықтай қуаттайды.

НАЙДЖЕЛ ДЭВИС, «MEDHERANT» ВЕНЧУРЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Меніңше, жаңа технологияларға ерекше назар аудару идеясы өте құптарлық. Әсіресе, венчурлық жобаларға мән беру керек. Бұл болашақ үшін маңызды. Ұлыбритания экономиканы дамыту үшін жаңа технологиялар мен бизнес модельдерге ерекше көңіл бөледі. Сондықтан Қазақстанның да осыған ұқсас бағытта жұмыс істегісі келетіндігі көңілге қонымды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер