Мемлекет басшысы АҚШ-тың іскерлік топ өкілдерімен кездесу өткізді

Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары іскерлік топ өкілдерімен кездесуге ұласты. Жиын барысында - 3 үкіметаралық келісім орнады. Құжатта Қазақстан арқылы - коммерциялық теміржол транзитімен қамтамасыз ету, xалықаралық салық кодексін жақсарту мәселелері қарастырылған. Нұрсұлтан Назарбаев  елімізде - 11 арнайы экономикалық және 22 индустриялық аймақ жұмыс істеп жатқанын сөз етті. Онда қажетті, инфрақұрылым мен жеңілдіктер көзделген. Бұл ретте, Елбасы, іскер азаматтарды - елге инвестиция құюға шақырды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Биыл біздің астанмызда IT – стартаптардың жаңа халықаралық технопаркі ашылады. Мұның барлығы да біздің ынтымақтастығымызды арттыруға бағытталған. Ал Астана Халықаралық Қаржы Орталығының қатысушыларына 50 жылға дейін салықтық жеңілдік беріледі, жеңілдетілген валюта визалық және еңбек режимін ұсынамыз.  Ал орталық жұмысы толықтай ағылшын құқығына негізделген.

Сондай-ақ Нұсұлтан Назарбаев «Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі Корпорация» мемлекеттік агенттігінің президенті Рэй УошБернмен жүздесті. Елбасы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық жобалар жөнінде айтып, инвестициялық ынтымақтастықты  нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Ал Рэй Уошберн «ЭКСПО-2017» көрмесінен алған әсерімен бөлісіп, алдағы уақытта Қазақстанның «Kazakh Invest» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылатынын мәлімдеді.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біз «Сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткіздік. Оның инфрақұрылымының базасында «Астана халықаралық қаржы орталығын» құрдық. Оның барлық қатысушылары үшін арнайы жеңілдіктер жасап жатырмыз.   

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың энергетика министрі Рик Перримен кездесті. Елбасы әуелі Донольд Трампен жүрГізілген келіссөздердің нәтижелеріне тоқталды. Сонан соң Қазақстан мен АҚШ-тың мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығына оң баға беріп,  Теңіз және Қашаған кен орындарындағы жобалардың  жүзеге асырылуы жөнінде айтты. Президент Қазақстандағы өнімді қайта өңдеу ісінде инвесторлардың күшін арттыруы қажеттігіне назар аударды. Бұдан бөлек, еліміздегі жасыл энергетиканы дамытуға арналған жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде әңгімелеп, Рик Перриді Төмен байытылған уран банкінің ашылуы туралы хабардар етті. Соңында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға қатысты пікірлерімен бөлісті.