Тәуелсіз елдің негізі қаланған күннен бастап, тарихты егжей-тегжейлі жазып көрсеткен «Тәуелсіз дәуірі» ғалымдар арасында талқыға түсті. Тарихи публицистика жанрына негізделген еңбекте «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары сараланған. Ғалымдар, кітаптың «Саяси бағдар: Егемен мемлекет стратегиясы» атты бөлімінде Президент: «Тәуелсіздік алумен бірге көптеген проблемамен бетпе-бет келген кейбір жас мемлекеттер – бұрынғы кеңестік республикалар әзірге стратегия ойластыруға ерте екеніне, алдымен күнделікті тіршілік қамын жеңе білу қажеттігіне мойынсұнды» - дейді. Соған қарамастан Елбасы 1992 жылдың басында өзінің «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы» атты бағдарламаға кіріскенін айтады.

ҒАЛЫМҚАЙЫР МҰТАНОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ:

 - Дұрыс бағыт жасап, айтқан бойда моделін жасап соны бағыттай білу ол мына лидерге байланысты. Үлкен қиындықтар мен кезеңдерден өтіп, жаңа мемлекет қалыптастырудағы қазақстандық үлгісін жасау - біздің Елбасының зор еңбегі.

Кітапта елімізді нығайтқан экономикалық, конституциялық тағы басқа реформалардың мән-мағынасы толық қамтылған. Бүгінде іргесі берік, экономикасы қуатты Қазақстанды биіктен-биікке бастап келе жатқан Елбасының мықты саясаты екені басқосуда айтылды. Сонымен қатар зиялы қауым өкілдері егемендіктің алғашқы жылында-ақ Президентіміз білімді ұрпақ қалыптастыруға мән бергенін атап өтті.

УӘЛИХАН ҚАЛИЖАН, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Ұлтының өсуін қалайды. Сондықтан да мына адам капиталына қарай назар аударып жатыр. Міне "Болашақ" бағдарламасын алыңыз. Әлемдік экономикалық үдерістерді игерген, технологияны білетін, тіл білетін жаңа ұрпақ келіп жатыр. Яғни ұрпақтардың алмасуы - ол болашақ Қазақстан дамуының жолы.

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы саясаткер, экономист, ғалымдармен бірге қалың оқырман үшін де құнды. Себебі еңбекте елдің жаңа тарихымен қатар, Елбасының келешекке деген көзқарасы көрініс тапқан. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер