Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейі  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен ықпалдастық шеңберінде дәлелденуде. Нұрсұлтан Назарбаев президенттік іс-шараларға қатысу үшін АҚШ-қа ресми сапармен барды. Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамппен Ақ үйде кездесті. Ал 18 қаңтарда Қазақстан президенті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенімді нығайту шаралары» туралы баяндама жасайды. Сонымен қатар, Ауғанстандағы ахуал және Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша сыртқы істер министрлері арасында дебат өтеді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен жауапкершілікке ие екенін атап өткен жөн. Мемлекеттер арасындағы қырғи-қабақ ахуалды жою бағытындағы жұмыс  үздіксіз жүргізіліп келеді. 1950 жылдардағы  Корей соғысы кезінде Қауіпсіздік Кеңесінің әрекеттері шешуші рөл атқарған еді. 1990 жылы басталған Ирактың Кувейтке қарсы басқыншылығына да тосқауыл қойды.  Сонымен қатар, Қауіпсіздік Кеңесі бұрынғы Югославия, Сомали, Конго Демократиялық Республикасы, Косово, Шығыс Тимор және басқа да мемлекеттерде бейбітшілікті қолдауға шақырып, ынтымақтастықты нығайтуға жұмсаған күші  нәтижелі болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер