2018 жыл – Өзбекстанның Қазақстандағы жылы. Биыл екі ел арасында байланыс мәдени салада ғана емес барлық бағытта да нығая түседі. UZREPORT TV арнасына берген сұхбатында Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев өткен жылды қорытындылап, биылға жоспарланған нақты жобалар мен бағдарламалар  туралы айтты. Дипломат: «2018 жыл  екі жақты  саяси-мәдени, тарихи оқиғаларға бай болмақ. Бауырлас екі елдің өзара қарым-қатынасын жандандыруы қос тарапқа да тиімді» деді. Бұл әсіресе туризм саласында айқын байқалып отыр. Өткен жылы  Астана арқылы Ташкент, Самарқанд, Бұхара бағытында өзбек елінің тарихи жерлеріне барып-келушілер саны ұлғайып,   пойыз бен әуе қатынасы жандана түскен.Сондай-ақ,  «Алматы – Ташкент» пойызы қатарға қосылды.

*************************************

Өзбекстан Орталық Азия елдері арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша бірінші орында тұр. Демографиялық зерттеулерге сүйенсек, өткен жылы аймақтағы егде жастағы адамдардың үлесі 5 пайызға жуықтаған. Өзбекстан үлесінде  өмір сүру ұзақтығы 73,8 жас болса, Тәжікстанда 73,7, Қазақстанда 72 жастан,  ал Қырғызстан  мен Түркіменстанда 70 жастан  жоғарыны құрады. Жалпы алғанда аймақтағы егде жастағы адамдардың үлесі орта есеппен 4,9 пайызды құраған. Сонымен қатар сарапшылар, 2018 жылы балалар санының өсуі жалғасатынын айтып отыр. Қазіргі таңда Орталық Азиядағы 14 жасқа толмаған балалардың саны шамамен 20,5 млн. Егер бала туу көрсеткіші өсе берсе, 2018 жылы балалардың үлесі 30 пайызға жетеді екен. 

*************************************

Ташкентте Қытай– Қырғызстан – Өзбекстан темір жолы жобасына байланысты үш жақты келісім қаралды. Алқалы жиында үш елді жалғастыратын темір жолдың құрылысына кететін қаражат мәселесі қарастырылды. Ал маршруттың бағыты 2018 жылдың сәуірінде анықталады. Қытайдан Өзбекстанға дейінгі темір жол құрылысы туралы бастаманы Қырғызстан 2000-жылдардың басында көтерген еді. Ал Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елдің инфрақұрылымын жетілдіру, 2018-2022 жылдар аралығында сыртқы саудадағы жүк тасымалын әртараптандыру бағдарламасын бекіткен.  Сондай-ақ өзбек басшысы  Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде  бұл темір жол торабы салынса  ұйымға мүше елдер  қысқа уақыттаәлемдік нарыққа шыға алады»  деп мәлімдеген.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер