Еліміздің мәдени орындарының деректер базасын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіле бастады. «Қасиетті Қазақстан» картасына енген тарихи-мәдени нысандарға QR коды енгізілді. Мәселен, Ақмола облысына қарасты тарихи орындарға, сол облыстағы 20 ескерткішке бірегей нөмер берілді. Ал оның ішінде он ескерткішке тек мәтін емес бейне ақпарат та орнатылды. Олардың ішінде Бурабайдағы Абылай хан алаңы, Ерейментау ауданындағы 18 ғасырда өмір сүрген Бөгенбай батырдың ескерткіші мен Атбасар ауданындағы танымал жазушы Ілияс Есенберлиннің ескерткіші бар.

ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Екі жылға арналған бағдарлама аясында біз 700-ге жуық тарихи-мәдени нысанды аталған жүйемен жабдықтаймыз. Қазіргі таңда бұл жоба пилотты жоба ретінде кіргізілсе, болашақта оны ағылшын тіліне аударып және латын әліпбиімен жазуды жоспарлап отырмыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер