Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында кедендік бақылау, өткізу жүйесі жеңілдетілді

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында кедендік бақылау, өткізу жүйесі жеңілдетілді. Екі ел арасындағы шекара өткелдерін жаңғыртуға қатысты ортақ жоба «Жол картасы» шеңберінде әзірленді. Жобаны жүзеге асыру арқылы бекеттердің әлеуетін арттыруға, жаяу жүргіншілер мен автокөліктердің жылдам әрі ыңғайлы қозғалуына мүмкіндік туды. Сонымен қатар, қалтаңыздағы қаржы 2 мың АҚШ долларынан аспаса бұрынғыдай құжат толтырмайсыз. Екі ел арасында тұрақты автобус қызметі де қалпына келтірілді.     

САЙДАЗЫМ МУРАДОВ, КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ /ӨЗБЕКСТАН/: 

 - Қазіргі таңда «Жібек жолы» шекара кеден бекетінде жаяу жүргіншілер мен автобустар және жеңіл көліктерді жылдам әрі тез өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Көлік кептелісі болып қалмас үшін орталықта автобустар мен машиналарды бірден тексеріп өткізетін арнайы рентген аппараты орнатылды.

ЭЛЬЗАРА МАЛИКОВА, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ:

 - Шекара бекетінде ешқандай қиындық жоқ. Қазір тіпті 5 минутқа жеткен жоқ  шекарадан өте шықтық.

Бұдан бөлек, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстаның барлық халықаралық әуежайларындағы шекаралық өткелдерде қосарланған «қызыл», «жасыл» дәліздер жүйесі ашылды. Осы уақытқа дейін Кедендік жүйеде қабылданған шаралар жолаушылар ағыны мен логистиканы айтарлықтай жақсартуы тиіс. Айтпақшы, сарапшылар қазірдің өзінде кедендік рәсімдерді жеңілдету туралы шешімдер елдің экономикасына оң әсерін тигізіп, сыртқы саудасын кеңейтіп және шетел инвестицияларын тарту үшін үлкен маңызға ие болғанын айтты.