ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ЕЛ АУЗЫНДА

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында Елбасы еліміздің экономикалық және әлеуметтік салаларында терең, қарқынды өзгерістерге қадам басып жатқанын баса айтты. Осы ретте «Қазақстан – 2050» даму стратегиясы мен озық отыз елдің қатарына ену, 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыруда еліміз 60 қадамды орындады. Сонымен қатар, өткен жылы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қабылдадық. Мұның бәрі төртінші өнеркәсіптік революция әлемі мен жетістікке жету жолын айқындайтын жобалар болмақ. Танымал сарапшы Алуа Жолдыбалина да Жолдауға сәйкес дамудың кілті-цифрлық технологияда екенін атап өтті.

АЛУА ЖОЛДЫБАЛИНА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Ең басты негізгі бағыт біз түсінгеніміз, ол жаңағыдай цифрлық дәуір, ол технология, ол технологиялардың дамуы, технологизация, жалпы мынау төртінші өнеркәсіптік революцияның шеңберіндегі мемлекеттің дамуының айқын бағыттарын анықтаған. экономика саласы болсын, мемлекеттік басқару саласы болсын, тіпті агроөнеркәсіп саласын дамытудың өзінде технологияларды енгізуге оны дамытуға басты назар аударылып отыр.

Белгілі тарихшы Құндызай Ерімбетова дамудың даңғыл жолына түсу үшін әлем елдерінен тәжірибе жинаудан қашпауымыз керек, дейді.  Жаңашылдық пен тың идеялар неғұрлым көп болса, дамыған 30 елдің тізіміне енуімізге мүмкіндік мол болады. Ал «Рухани жаңғырудың» мән мазмұнын халықаралық талаптарды, цифрлық дағдыларды ескеріп, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту айқындай түспек.

ҚҰНДЫЗАЙ ЕРІМБЕТОВА, ҚР БҒМ ҒК МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Атап кеткен 10 міндетінің ішінде әсіресе жаңашылдығы бұл инфрақыұрылымдық жүйенің интеллектуалдық басқару жүйесіне талаптарды күшейту керек деді. Бұл деп отырғанымыз интеллектуалдық әлеуетті  жаңағы нығайту сонымен қатар, жеке адамның, қарапайым адамның мүддесін ойлау, нақты қарастыру сонымен қатар, әлеуметтік құрылымдардағы жүйелілікті оны басқару жүйелілігін интеллектуалдық басқару.