Биыл Қазақстанда атом электр станциясы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі жасалмақ. Ол үшін халықаралық байқау жарияланады. Бұл туралы Ұлттық Ядролық Орталықтың Бас директоры Эрлан Батырбеков мәлімдеді. Қазір «Қазатомөнеркәсібі» Ұлттық Компаниясы жанынан осы мәселелерге байланысты арнайы кәсіпорын да құрылған. 

ЭРЛАН БАТЫРБЕКОВ, ҚР ҰЯО БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Менің жеке пікірім, Курчатов қаласы атом стансасын салуға өте қолайлы. Дегенмен энергетикалық тұрақтылық тұрғысынан қарайтын болсақ, көмір қоры жеткілікті, қуат көзіне деген тапшылық жоқ. Сондықтан қажеттілік те жоқ. Ал бұл ретте маңызды нысанды Балқаш қаласында салсақ, тапшылық сезіп отырған оңтүстік аймақтарды арзан электр энергиясымен қамтуға болады. Әрі онда инфрақұрылым да пысықталған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер