Қазақстанда криптовалюталарды тексерумен айналысатын сарапшылар кеңесі құрылады

Қазақстанда криптовалюталарды тексерумен айналысатын сарапшылар кеңесі құрылады. Салалық қауымдастықтың төрағасы Есет Бутиннің айтуынша, бірлестік жергілікті нарықта туындайтын барлық жобаларға сараптама жүргізетін болады. Оған қоса, азаматтарға қаржы инвестициялау жөнінен кеңес береді. Алайда, бірінші кезекте, елімізде дайындық шараларын атқарып, цифрлық қаржы туралы заң қабылдап, капиталдың сыртқа ағылуының алдын алу қажет, қажет дейді мамандар. Атап өтетін болсақ, қазіргі уақытта қазақстандықтар криптовалюталарды сатып алу үшін көбінесе Ресей, АҚШ, Сингапур, Оңтүстік Корея елдерінің сервистеріне жүгінеді.

ЕСЕТ БУТИН, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БЛОКЧЕЙН ЖӘНЕ КРИПТОВАЛЮТАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Біздің азаматтар аталған нарықтарға, Қазақстанның нарықтарына еркін қатысу мүмкіндігіне ие болса, жақсы. Сол себепті криптовалюта алаңдарын, биржаларын, айырбастау пунктерін құруды реттеу мен қадағалау ережелерін әзірлеу маңызды. Адамдарға токендерді доллармен емес, теңгемен сатып алуға жағдай жасау қажет. Бұл азаматтарға табыс табуға жол ашады.

Аталған бағытты тиімді дамыту үшін қазақстандық қауымдастық «Астана» халықаралық қаржы орталығымен және Кореяның блокчейн-индустрия қауымдастығымен келісімге отырды.