Ирандағы Парсы шығанағы жағалауында орналасқан Бендер-Аббас портты қаласында Қазақстанның консулдығы ашылады.  2017 жылдың соңында еліміздің премьер- министрі Бақытжан Сағынтаев тиісті қаулыға қол қойды. Қаулыда көзделген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру Қазақстанның Сыртқы Істер министрлігіне жүктелді. Айта кетейік, еліміздің Ирандағы елшілігі  Тегеранда, ал бас консулдығы Горган қаласында  орналасқан. Жаңа консулдық екі ел қарым-қатынасын жақсартып, сауда-экономикалық алыс-беріс көлемін еселей түсері анық. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер