Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы Орталық Азия елдерінің ұлттық қауіпсіздігін күшейтеді

Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы  Орталық Азия елдерінің  ұлттық қауіпсіздігін күшейтіп, аймақтың өзекті мәселелерін шешуге жаһандық қоғамдастықтың назарын бұрады. Бұл Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаевтың пікірі. Оның айтуынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы платформасы көптеген өзекті мәселелердің түйінін тарқатуға қауқарлы.  Нақты айтқанда су, энергетика, экономикалық, экологиялық, ауыл шаруашылығын дамыту мен  елдер арасындағы сауда-саттықты күшейтуге ықпал ете алады. Еске сала кетейік, Қауіпсіздік Кеңесі 19 қаңтарда Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның сыртқы істер министрлерінің қатысуымен  «Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздік проблемасын шешу, өзара әріптестік құру» деген тақырыппен министрлер дебатын өткізуді жоспарлап отыр.

САНАТ КӨШКІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше бола отырып, Орталық Азиядағы көрші елдерімен ынтымақтастық мәселесін күн тәртібіне қойды. Біз Орталық Азияның субъективтілігін нығайтып, жаһандық қауымдастыққа ашық болуын қалаймыз. Бұл тұрғыда Қазақстан аймақтық субъектілігін дамыта отырып, Орталық Азиядағы әрбір елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайта түседі деп сенемін.