1-қаңтардан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен арбитраждық сот өз жұмысын бастады. Қос орталық тікелей қатысушылар арасындағы, жеке тұлғалар мен азаматтық және коммерциялық дау-дамайларды шешу бағытында жұмыстар атқарады. Мамандардың айтуынша, барлық кәсіпкерлер арбитаждық сотқа өтініш бере алады. Бұл даулы мәселелерді шешудің соттан тыс, баламалы тәсілі болып есептеледі. Тәуелсіз сотқа жоғары білікті, ағылшын заңдары құзырына ие елдермен жұмыс істеп, тәжірибе жиған шетелдік судьялар тартылған.   

НҰРЖАН ҚҰСПАЕВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ ӘКІМШІЛІГІ» АҚ  ДИРЕКТОРЫ:

 - Ағылшын құқығы бүкіл әлемде таңдалған және бүкіл жасалып жатқан  келісім-шарттардың 70 пайыздан астамы ағылшын құқығын таңдайды. Бұдан басқа халықаралық қаржы орталықтарында ағылшын құқы танылған. 

Лорд Гарри Кеннет Вульф Халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол тек Ұлыбританияда ғана емес, барша әлемге беделді, танымал заңгер. Англия, Уэльс, Катар, Гонконг сот жүйелерінде үлкен тәжірибесі бар. Одан бөлек, «Астана» Халықаралық қаржы институтының сотынын құрамында дүниежүзінде зор беделге ие 9 судья бар. Олардың бірі қаржылық құқықты жан-жақты меңгерген жоғары санатты заң кеңесшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт. Ол бір жыл бұрын Қазақстанға көшіп келіп, Халықаралық қаржы орталығы сот жүйесінің базасын жасақтады. Бүгінде әлемге танымал бірден бір заң кеңесшісі. Кристофер Лорд Вульфпен бірге Катардың қаржы орталығында жұмыс істеген. Оның негізгі функциясына істерді басқару, сот және төрелік орталығының қызметін үйлестіру, сонымен қатар, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау жатады.

КРИСТОФЕР КЭМПБЕЛЛ-ХОЛТ, АХҚО ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СОТ ТІРКЕУШІСІ:

 - «Астана» халықаралық қаржы орталығының міндеті – тек ТМД аумағында емес, бүкіл әлемде бәсекеге қабілетті болу. Дүние жүзінде негізгі келісім шарттар ағылшын заңына негізделгендіктен инвесторлармен жұмыс істеу жеңіл болады. Шетелдіктер үшін де түсінікті инфрақұрылымда жұмыс істеу қолайлы.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының англосаксондық жүйені таңдауы бекер емес. Бұл ортақ заң Дубай, Гонконг, Лондон, Нью-Йоркте қолданылады.

НҰРЖАН ҚҰСПАЕВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ ӘКІМШІЛІГІ» АҚ ЗАҢ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Ағылшын заңының артықшылығы көп. Ол барлық халықаралық қаржы орталығында қолданылады және инвесторларға қандай қауіп-қатер барын алдын-ала болжайды. Егер қандай да бір мәселе мен дау туындаса оның салдарын анықтап, шешу жолдарын көрсетеді. Яғни, ағылшын заңы нақты бір пікірге келтіреді, екі түрлі шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді.        

Халықаралық қаржы орталығының тағы бір артықшылығы -  мемлекеттік және басқа да органдардан толық тәуелсіздігі. Сонымен қатар, аталмыш орталық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруындағы  АХҚО Басқармасына бағынады. Орталықтың меңгерушісі Қайрат Келімбетовтің алдында үлкен талап тұр. Ол компанияны тиімді әрі табысты дамыту«Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысынан қыруар нәтиже күтілуде. Бұл  қаржылық, технологиялық,тіпті  адами капиталға инвестиция тартудың тың  тәсілі. Қаржы орталығы барлық еуразиялық аймақтың соның ішінде, Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің, Орталық Азия мен Иран, Қытай елдерінің қаржы хабына айналады.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер