«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – егемен еліміздің энциклопедиясы»

«Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегі – егемен еліміздің энциклопедиясы». Қазақстан халқы Ассамблеясының Батыс Қазақстан облыcтық филиалы мүшелерінің пікірі осындай. Құнды еңбек еліміздегі бірлік пен тұтастықты бағалауға шақырады, дейді олар.

ҒАЙСА ҚАПАҚОВ, ҚХА БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұл кітаптың әрбір жолы, әрбір сөзі - біздің күнделікті өміріміздің тарихы. Оқып отырған әр адамның көз алдына өзінің жүріп өткен өмірі келеді. Оқи отырып, киелі тәуелсіздігіміздің қаншалықты қымбат екенін, сол кездегі шешімдердің қаншалықты дұрыс, қаншалықты ұтымды болғанын түсінеді.

ФЕЛИКС БАЮКАНСКИЙ, БҚО АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

 - Біз еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін мақтан тұтамыз. Экономикалық, саяси және рухани жаңғыру бағытында белгіленген міндеттерді орындай отырып, жеңістерге жететінімізге кәміл сенеміз. Әлемнің ең озық 30 мемлекетінің қатарынан табылатынымызға да сенім мол.

Тәуелсіздік  жылдары қалыптасқан этносаралық келісімнің бірегей моделі бүгінде әлем елдеріне үлгі. Өз еңбегінде президент мұны тәуелсіздіктің ең басты табыстарының бірі ретінде атап өтеді. Жаңа кітаппен Оралдың жас буын өкілдері де танысып шыққан.

РАШАД МӘМЕДОВ, №35 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

 - Елбасының жақында жарық көрген кітабында Ассамблеяға үлкен көңіл бөлінген. Себебі біздің елімізде 130-дан астам этностың өкілдері тұрады. Бұл Достық үйінде біз жұмыс жасаймыз, мен мектепте оқимын. Менің болашаққа мақсатым бар, шетелде оқып, Қазақстанға қайтамын.

ЭЛГУН ДЖАНАЛИЕВ, ӘЗЕРБАЙЖАН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бұл кітапты әр қазақстандық оқып шығуы тиіс деп ойлаймын. Қазір ол қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Алдағы уақытта ағылшын тіліне аударылып, әлем оқырмандары үшін қолжетімді болса деген тілек бар.     

Елбасы еңбегінде Қазақстанның келешектегі даму мүмкіндіктері де анық жазылған. Кітап тек тарихшылар мен саясаткерлерге ғана емес, ел ертеңіне бейжай қарамайтын кез-келген оқырман үшін құнды дейді, Қазақстан Халқы Ассамблеясының облыстағы өкілдері.