2017 жыл Қазақстан үшін жарқын оқиғаларға толы болды. Мемлекет әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ауқымды іс-шаралардың қатысушысы ғана емес, бастаушысы екенін көрсетті,-дейді Түркияның белгілі саясаттанушысы, Ахи Евран университетінің профессоры Куршад Зорлу.

КУРШАД ЗОРЛУ, АХИ ЕВРАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, САЯСАТТАНУШЫ:

 - 2017 жыл - Қазақстан үшін өте маңызды болды. Елді танытатын бірқатар халықаралық шаралар өте сәтті өтті. Әсіресе, күн тәртібінде тұрған Сириядағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған маңызды бастамаларға мұрындық болды. Қазір Сирияда қантөгіс тоқтады десек, ол- Астанадағы келіссөздердің жемісі деп, қабылдауымыз керек. EXPO-2017 көрмесінің ұйымдастырылуы да айтарлықтай үлкен жетістік. Сонымен қатар, биыл Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысына кірісті. Қазақ елі бұл асқан жауапкершілікті абыроймен орындайтынына сенімдімін. Сондықтан жаңа жылда жаңа белестерді бағындыруға тілектестік білдіремін.

Куршад Зорлу атап өткен оқиғалар Қазақстанның аймақтағы және әлемдегі мәртебесін арттыра түскенін EXPO-2017 көрмесіндегі Ұлыбритания павильонының бас комиссары Чарльз Хендри де айтып отыр. Ол еліміздің келешекте әлі талай белестерді бағындыруға әлеуеті жететініне сенімді.

ЧАРЛЬЗ ХЕНДРИ, EXPO-2017 ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ БАС КОМИССАРЫ:

 - Жаңа энергиямен қуаттанып, үміт, амбиция, жоспар және келер жылы жүзеге асатын мүмкіндіктер тілеймін. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде 2018 жылы да халықаралық оқиғалардың сәтті дамуына ықпал етті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер