Қазақстан Орталық Азия аймағының көліктік хабына айналуды көздейді. Бұл мақсатқа жету үшін тиісті жұмыстар біртіндеп атқарылып келеді. Елде әуе және жер үсті көліктер торабының ірі желісі дамуда. Өткізу қабілетіміз де арта түсті. Өткен жылдың өзінде Қазақстанның әуе айлақтары 12 миллион адамға қызмет көрсеткен. Оның дені, 70 пайызы Алматы және Астана қалаларының үлесінде. Биыл елорда өткізу қабілетін біршама арттырып отыр. Мұнда 3 млн 600 мыңнан астам адам қабылдаған. Инвестиция және даму министрлігіндегілер мұндай өсім жаңа терминалдың іске қосылуымен байланысты деп отыр. ЕХР-2017 көрмесі де, әрине, оң әсерін тигізді. Ведомствоның мәліметіне сәйкес, жаз мезгілінде жолаушылардың жалпы саны 1 жарым млн адамнан асты. Бұдан бөлек, әуе айлағын жаңғырту өзге елдермен әуе байланысы мен жаңа бағыттарды арттыруға жағдай жасады. Астанада өткен мамандандырылған халықаралық көрме кезінде «ашық аспан» қағидаты енгізілген болатын. Бұл жолаушылар санының артуына жол ашты. Нәтижесінде отандық авиация жаңа деңгейде көтерілді,-дейді мамандар.

ТОТЫ ӘМІРОВА, ҚР ИДМ АЗАМАТТЫҚ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Қазіргі таңда Қазақстанда қолданылатын әуе кемелерінің саны артып келеді. Олардың бәрі заманауи әрі жаңа. Қазақстанда бұған дейін мүлдем қолданылмағандары да бар. Бұл айтарлықтай көрсеткіш, біз заман ағымынан қалыспауға тырысудамыз. Астана арқылы өткен шетелдік, транзиттік жолаушылардың саны көп. Бұл -  салаға тың серпін беруде. Осы тұста ЭКСПО көрмесін атап өтпеуге болмайды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер