1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа Кедендік кодексі күшіне енбек. Құжат қажетті процедураларды барынша жеңілдетіп, жеделдетеді. Және де тасымалдаушылардың шығындарын азайтады. Кедендік бақылау формаларының саны-7, ал операциялардың саны 8 есеге қысқарады деп күтілуде. Жаңашылдық цифрлық технологияларға басымдық беру болмақ. Сондықтан кодексте электрондық кедендік декларациялау басты назарда. Мұның бәрі сыртқы экономикалық қызметті жеңілдетіп, интеграциялық процестерді жеделдетуге жол ашады. Сондай-ақ, Қазақстанда жаңа жылдан бастап электронды форматта 17 процедура қолжетімді болмақ. Айту керек, «Астана-1» ақпараттық жүйесі біртіндеп енгізілетін болады.

ДИНА МАМАШЕВА, «АТАМЕКЕН» ҰКП ӨКІЛІ:

 - Бұл жүйе кеден қызметінің халықаралық стандарттарын енгізуге арналған. Тауарларды декларациялауда бума-бума қағаздар жойылып, бірыңғай терезе қағидаты енгізіледі. Яғни барлық ақпараттық органдармен, елдегі барлық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен байланыс орнату мүмкін болмақ. Менің ойымша, кеден заңнамасында халықаралық стандарттарды енгізу бойынша Қазақстан көшбасшылар қатарында. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер