Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық қатынасына 25 жыл. Осыған орай Астанада «Қазақстан-Қытай: сенімділік, ынтымақтастық, тұрақтылық» атты халықаралық конференция өтті. Оған қатысқан дипломатиялық корпус өкілдері, саясаткерлер, ғалымдар мен бизнесмендер екіжақты  әріптестік мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Қытай арасында мәдениет, білім, энергетика және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» стратегиялық бастамасы аясында мықты байланыс орнаған. Жиынға қатысушылар қос мемлекет арасында әрдайым тиімді диалог жүргізілуде деп отыр. Олардың айтуынша, екі елдің жақындаса түсуінде Еуразия ұлттық институты жанындағы Конфуций институтының рөлі ерекше. Оның құрылғанына биыл 10 жыл толып отыр.  

СӘУЛЕ ҚОШАНОВА, ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ ИНСТИТУТЫ ЖАНЫНДАҒЫ КОНФУЦИЙ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Конфуций институтының басты бағыты – қытай тілін үйретіп, мәдени шараларды ұйымдастыру. Сондай-ақ біз соңғы жылдары ғылыми бағытты дамытуға ден қойып отырмыз. Институт құрылған жылдары студенттер саны 35-ке жуық болатын Ал  енді жылына мың жарымға жетіп отыр. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келе жатқанын  байқауға болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер