«Бабалар ізімен» ғылыми-тарихи экспедициясы Үндістанда. Экспедиция мүшелері Дели сұлтандығы мен Ұлы Моғол империясына қатысты деректерді зерттеп, даңқты бабаларымыздың Үнді елінің тарихындағы алар орнын саралады. 1206-1526 жылдары өмір сүрген Дели сұлтандығының негізін қазақ жерінен барған түркілер қалапты. Мәселен, қаланың орталық белдеуінде орналасқан Құтаб Минар кешені туристердің ошағына айналған. Тарихи деректерге сүйенсек, Тәуекел ханның тұсында 100 мың қазақ Үндістанға аттанған

АМИТА ПАЛИВАЛ,  ДЕЛИ УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Мен осы билеушілердің ішінде қыпшақтардың елбөрі деген тармағынан шыққан Шамс-ад-Дин Елтұтмышты бөле жара атағым келеді. Ол Үндістандағы ең үздік басқарушы болды дер едім. Өйткені ол толықтай орталықтанған қаржы жүйесін құрды. Оның негізін теңге деп аталған күміс ақша құрады. Ол универсалды стандартқа айналды. Елтұтмыш сондай-ақ бірегей армия жасақтады. Оған дейін үнді әскерінде феодалдық сипат басым еді. Реформадан кейін әскерге алу, оны басқару толықтай орталықтанды.   

«Бабалар ізімен» экспедициясы тарихи жерлерді аралады. Үндістанда ғылым мен өнердің дамуына қолдау көрсетіп, қаланың ерекше сәулетіне қолтаңбасын қалдырған Елтұтмыш қағанның мавзолейіне барды. 1236 жылы дүние салған бабамыз Құтыб минардың жанында жерленген екен. Сонымен қатар, аталмыш экспедиция мүшелері үнді ғалымдарымен кездесіп, пікір алысты. Олар 500 жыл өмір сүрген  Дели сұлтандығы мен Ұлы Моғолдар империясының тарихта алар орны ерекше екенін баса айтты. Үндістанда түркілер мен қыпшақтардан шыққан Сұлтан Бейбарыс секілді даңқты билеушілер болған. Тарихымыздың осы тұсы терең зерттеуді және жан-жақты насихатты қажет етеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер