«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы туралы ой-пікір

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» деп аталатын жаңа кітабында егемен еліміздің басты жетістіктері мен дамуы толықтай қамтылған. Бұл кітап ширек ғасыр ішінде іргетасы қаланған мемлекеттің арғы-бергі тарихын танып-білгісі келетіндерге таптырмас еңбек,- дейді, Астана қаласындағы өзбек мәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов.

ШЕРЗОД  ПУЛАТОВ, ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бұл кітапты жазып шығудың өзі үлкен жұмыс. Қажырлы еңбекті талап етеді. Онда Қазақстанның қалыптасуының барлық кезеңдері көрініс тапқан. Соның ішінде  елде  конфессияаралық, этносаралық келісімдердің қалай сәтті  жолға қойылғандығын атап өткім келеді. Әлемнің әр түкпірінде соғыс оты тұтанып, бүлік туып жатқан кезде  біздің елде бірліктің арқасында  тұрақтылық пен бейбітшілік сақталды. Қазақ елін осы ауызбіршіліктен айырмасын деймін.

Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков аталмыш кітапта автор егемен елдің шежіресіне кеңінен тоқталып, келешегіне қатысты көзқарасын боямасыз жеткізген дейді.

МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Бұл кітап қысқасын айтқанда Тәуелсіздіктің тағдыры туралы. Тәуелсіз мемлекет болып тәжірибесі болмаған, Қазақстанда Тәуелсіз мемлекет орнатудың тәжірибесі туралы кітап. Бұнда біздің алғашқы күннен бастап, өткен өміріміз, өткелдеріміз, соның бәрі анық көрсетілген. Осы кітап үлкен төрт бөлімнен тұрады. Осы төрт бөлімде елбасы бастан аяғына дейін, маржандай тізіп, біздің үш рухани жаңғыруымызды көрсеткен.