Cингапур мен Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық жылдан жылға дамып келеді. 2012 жылдан бері Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саяси мектебі мен Назарбаев университеті арасында тығыз байланыс орнаған болатын. Сонымен қатар, екі ел президенттерінің достық қарым-қатынасы да нығайып, жыл сайын ынтымағымыз жарасып келеді. Айта кету керек. Сингапур ұлттық университеті – әлемдегі үздік жоғарғы оқу орындарының ішінде 15 орында.

«УАҚЫТПЕН ТАҢДАЛҒАН» Д/Ф ҮЗІНДІ:

 - Ли Куан Юдың тәжірибесі қызық. Мен онымен жеке таныспын, дос болдық, талай рет кездестік. Осы тақырыпты айтып, сағаттап әңгіме айтатын едік. Әрине, ол ерекше адам, оның жасағаны бәріне бірдей ұнай бермейтін. Оны автократ, диктатор деп атады. Бірақ, ол Сингапурды үшінші әлемнен бірінші әлемге бастаған адам болды.

Бүгінде екі елдің оқу орындарында оқытушылардың тәжірибе алмасу бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бес жыл ішінде Ли Куан Ю саясат мектебінде Назарбаев университетінен 100-ден астам қазақстандық білімін жетілдіріп қайтты. Мәселен, Назарбаев университетінің профессоры Серік Оразғалиев осы мектепте төрт айдан бері жұмыс істейді.

СЕРІК ОРАЗҒАЛИЕВ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Мен осында келгеніме бірнеше ай ғана болды. Осы уақыт аралғында Сингапурдың дамуына қатысты мына сөздерді жиі естимін. Ол - прагматизм, меритократия және адалдық.    

Бүгінде екі жақты қатынастар жыл санап жақсарып келеді. Сингапурда білім алып жүрген Назарбаев университеттінің профессорлары сол елдің  мемлекеттік басқаруға қатысты тәжірибесін Қазақстанға енгізбек. Сонымен қатар, екі ел арасында еркін сауда аймағын құрып, визасыз режимнің мерзімін ұзарту жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер