Келер жылдан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты өндіріс көлемін бірнеше есеге арттырады. Үшінші жаңғыру жобаларын аяқтаған кезде мұнайды тереңдете өңдейтін алғашқы қондырғы іске қосылды. Өнімнің сапасы  жақсарып, 500 жаңа жұмыс орны ашылды. Іске қосылған қондырғылар төрт айдан соң өз жұмысын бастап, өндірістік қуатын арттыруға көшуі тиіс. 

ҒАЛЫМЖАН АМАНТУРЛИН, МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Жаңа  кешендік қондырғы арқылы біз автомобиль бензинінің сапасын  К-4, К-5 сапасына жеткіземіз. Бұл нарықтағы  Евро-4-5 бензиндерінің баламасы. Сонда зауытта шығарылатын бензин көлемі бірден үш есеге артады. Яғни қазіргі 650 мың тоннадан 1,7 млн тоннаға дейін жеткіземіз. Сонымен қатар реактивті жанармай 8 есеге, дизельді жағармай 23% есеге дейін өсетін болады.

Солтүстік өңірде де зауыт саны көбейіп жатыр. Осы уақытқа дейін қысқы дизель отынын Ресейден тасымалдап келген тұрғындар, енді өзімізде өндірілген жаңармайды тұтынады. Отандық тау-кен байыту комбинаттарының да жұмысы жағармайдың осы түріне тәуелді. Демек, жағармайды парафиннен тазартатын кәсіпорын 45 градустан төмен температурада да қатпайтын дизель шығаруға, жылына 300 мың тонна өнім өндіруге тиіс. Жобаны жүзеге асыруға 2 млрд теңгеге жуық инвестиция құйылған. «Астана-Павлодар» тасжолының бойында бой көтерген кәсіпорын өнімін келер жылдың басында нарыққа шығара бастайды.  

НҰРБОЛАТ СЕЙІТМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ИНДУСТРИЯЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Қазақстанда өзіңіз білетіндей, қысқы дизель отыны шығарылмайды. Мынау сол мекемелердің ең біріншісі болады Қазақстанда ашылған. Одан басқа, үлкен мекемелер, «Богатырь Көмір» деген сияқты және Бозшакөл тау-кен байыту комбинаты. Олар қысқы дизельді көп пайдаланады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер