Қазақстан мен Венгрия екіжақты тиімді байланысты нығайтуда. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында екі ел арасындағы тауар айналымы 350 млн долларға жетті. Көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге артып отыр. Былтыр тауар айналымының көлемі 118 млн доллар болатын. Сондай-ақ венгриялық бизнесмендер Қазақстанға инвестиция бағыттауда. Олар медицина, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, туризм, мәдениет және білім саласына басымдық беріп отыр. Екі ел әріптестігінің нәтижелерімен Венгрияның Қазақстандағы елшісі Андраш Барани бөлісті. Биыл маусым айында Астана-Будапешт әуе қатынасы ашылған болатын. Қазан айының өзінде оны пайдалану көрсеткіші 94 %-ға жеткен. Әуе компаниясының мәліметтеріне қарағанда, жаңадан іске қосылған рейстер арасында дәл осы бағыт барынша сәтті. Мұнымен қоса, Венгрия  «Астана Экспо-2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысты. 300 мыңнан астам адам тамашалаған ел павильоны күміс жүлдеге ие болды.

АНДРАШ БАРАНИ, ВЕНГРИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Қазақстан Венгрияның Орталық Азия аймағындағы жалғыз стратегиялық әріптесі. Венгрия да Қазақстанның 16 мемлекет бар  Орталық Шығыс Еуропадағы жалғыз стратегиялық серіктесі. Бұл екі ел арасында, расында да, ерекше байланыстың орнатылғанын аңғартады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер