Қазақстан - Еуроодақпен серіктестікті кеңейту келісіміне қол жеткізген Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет. Және Еуроодақ үшін аймақтағы маңызды әрі сенімді серіктес. Бұл туралы Еуропарламенттегі дауыс беру қорытындысы бойынша еуродепутат Андрей Мамыкин мәлім етті. Еске салсақ, келісімге 2015-ші жылдың желтоқсан айында Астана қаласында қол қойылған. Ол Қазақстанда және Еуроодаққа мүше 18 елде бекітіліп, 2016 жылдың 1-ші мамырынан бастап уақытша қолданысқа енгізілді. Ал, 12-ші желтоқсан күні Еуропалық Парламент тарапынан қолдауға ие болды.  

АНДРЕЙ МАМЫКИН, ЕУРОПА ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Мұндай маңызды келісім, Қазақстанды Қытай сынды озық елдер көшіне қосылуға бастайды. Бұлар Еуроодақ үшін маңызды мемлекеттер. Енді Еуроодақ Кеңесінде ратификациялануы қалды. Ол мемлекет басшыларының қатысуымен жүзеге асатын үдеріс. Өз басым  Еуроодақ келісімін береді деген сенімдемін. Еуропарламенттің дауысы да маңызды рөл атқарады. Осылайша, Еуроодақ пен Қазақстанның серіктестігі жаңа деңгейге көтеріледі.

Еуропалық Парламент мақұлдаған Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім Латвия мен біздің ел арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Рига әкімдігінің депутаты Максим Толстой осылай дейді.

МАКСИМ ТОЛСТОЙ, РИГА ДУМАСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Біз үшін Латвия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар ғана емес, Азия мен Еуропалық Одақтың қарым-қатынасы да өте маңызды. Қазір біз үміт артып отырған, қарым-қатынастарды дамытатын, сауда қатынастарын дамытатын және заңдық күші бар құрал пайда болатынына қуаныштымын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер