Қазақстан Орталық Азияда білім хабын құруды жоспарлап  отыр. Сондықтан өзге елдермен бұл саладағы әріптестікті нығайтуға бар күшін салып жатыр. Биыл әлемнің 7 мемлекетінде Қазақстанның білім күндері өткізілді. Бейжің университетінде өткен шарада еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен жоғарғы оқу орындарының өкілдері саланың жетістіктерімен таныстырды.

ЗҮЛФИЯ ТӨРЕБЕКОВА, «ХАЛЫҚАРЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Жалпы бүгінгі күні Қазақстанда 13 мыңға жуық шетел азаматы білім алатын болса, олардың 1700-і осы Қытай елінен келген азаматтар. Біздің Қазақстандық азаматтардың 13 мыңға жуығы дәл сондай санда Қытайдың ЖОО білім алып жатыр.

Білім саласындағы әріптестіктің нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай. Мыңдаған қазақстандық жас Қытайдың озық университеттерінде білім алып, мықты мамандықты меңгерді. Қазір ел игілігі үшін еңбек етіп жатыр. Стратегиялық серіктесіміздің студенттері де қазақ тілінде сөйлеп, болашағын біздің елмен байланыстырғысы келеді.   

ЧЖОУ ВЭНЬЦИНЬ, ОРТАЛЫҚ ҰЛТТАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

 - Мен орталық Отырар университетінде қазақ тілі мен әдебиетін оқимын. Биыл жазда, биыл жаз маусымында мен Шыңжаңға барып, қазақ тілі практикасын жасағанда көптеген апай, ағай және қазақ достарыммен бірге көңілді сәттерді өткіздім. Оқуды бітірген соң Қазақстанға баратын ойым бар.

Қытайдың үлкен қалаларын аралап жүрген делегацияның құрамында қазақстандық 20 жоғарғы оқу орынның басшысы бар. Олар бұл шара арқылы көршілес елге өз мекемесінің әлеуетін таныстыруға мүмкіндік алды. Әріптестерімен қол алысып, болашақтағы істердің жәй-жапсарын талқылады.

ӘБДІМҮТӘЛІП ӘБЖАППАРОВ, КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

 - Осы ынтымақтастықтың арқасында біз Қытай Республикасының жоғарғы оқу орындарымен келісімшарттарға қол қойып, студенттермен алмасу, ұстаздармен алмасу, ортақ ғылыми жобалар жасау, қос дипломды білім беру шараларын келісіп жатырмыз. Алғашқы күндердің нәтижесі өте жақсы.

Қазақстанның білім күні Цзиньхуа университетінде, Шанхай қаласындағы Фудань жоғарғы оқу орнында өткізілді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер