«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы туралы ой-пікір

Қазақстандық даму үлгісінің табиғаты мен оның эволюциясы. Тәуелсіздік мерекесіне орай тұсауы кесілген Елбасының жаңа еңбегінің басты тақырыбы осы. 26 жыл қас қағым сәт болғанмен, қазақ үшін ғасырға бергісіз кезең. Бар-жоғы ширек ғасырда еліміз биік белестерді бағындыра білді. Сондықтан бұл аралық еңбек пен жарқын келешекке ұмтылыстың заманы іспетті. Елбасы кітабын «Тәуелсіздік дәуірі» деп атауы сондықтан.

ҒАНИ НЫҒМЕТОВ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Жалпы айтқанда жаңа тарихымызға жаңадан қарау. Өйткені, бұл кітапта Президент нақты 3 жаңғыру туралы айтады. Бірінші жаңғыру қашан болды. Ол сол 1991-95 жылдары. Екінші жаңғыру 96-99 жылдары болды. Одан кейін 2000-шы жылдар. Қазір 2015 жылдан бастап үшінші жаңғыру кезеңі басталып кетті. Жалпы айтқанда бұл үлкен тарих кітабы.

Қазақстан Ұлттық ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Қасқабасов Елбасының еңбегінде ел егемендігін алған жылға дейінгі кезеңнен бастап жасампаз Қазақстанның бүгінгі тарихы боямасыз жазылған дейді.

СЕЙІТ ҚАСҚАБАСОВ, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

 - Президентіміздің бұл еңбегі бұрынғы еңбектерінен өзгеше. Мұнда қазақ халқының тарихының 30 жыл өмірі қамтылған. Бұл еңбектің құндылығы сол 30 жыл тарихымызды жүйелеп, барлық сала бойынша әр кезеңге бойынша үлкен үш дәуірге бөліп қараған. Сондықтан бұл кітапты Тәуелсіздік кезеңінің тарихы деп айтар едім.

«Тәуелсіздік дәуірі» публицистика жанрында жазылған. Қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шықты. Президенттің тәуелсіздік туралы ой-толғамдарының жиынтығы. Тәуелсіздік шежіресін тұтас қамтыған кітап төрт бөлімнен тұрады. «Мемлекеттің дүниеге келуі», «Ұлы бетбұрыс», «Қияға құлаш сермеу» және «Қалыптасқан мемлекет» деп аталады. Кезең-кезеңімен сипатталатын дәуірде жаңғуырудың үш бірдей толқыны кеңінен ашып көрсетілген.