БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамында Қазақстан тұрақты емес мүше ретінде бір жыл бойы белсенді түрде қызмет атқарды. Бірнеше комитетке төрағалық етіп, жаһандық тұрақтылықты сақтауға бағытталған маңызды шешімдерді қабылдауға қатысты. Алдағы жылдан бастап осы беделді органға төрағалық еткелі тұр. Аса жауапты міндетті орындау барысында да Қазақстан өзінің бейбітсүйгіш саясатын насихаттап, әлемдік қауіпсіздікті нығайту бағытындағы іс-қимылын жалғастырады.

РАШИД АЛИМОВ, ШЫҰ БАС ХАТШЫСЫ:

 - Қазақстан қазір Кеңесте өзін ғана емес, Орталық Азиядағы мемлекеттердің атынан шығып отыр. Ал ШЫҰ үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ресей мен Қытаймен бірге үшінші мемлекет пайда болды. Бұл біздің ұйымның ұстанымын ғана емес, Қазақстанның да позициясын күшейте түседі. Халықаралық аренада Президент Н.Назарбаевтың бастамалары, Қазақстанның ұсыныстары бірінші кезекте әлемді  бейбітшілік пен қауіпсіздікке, тұрақтылыққа бастайды.

БҰҰ-ның ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербо еліміздің ядролық қаруға тыйым салу идеясын насихаттап, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосып жатқанын баса айтады және елімізге мол табыс тілейді.

ЛАССИНА ЗЕРБО,  ЯСЖТШҰ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

 - Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз етудегі үлесі орасан және елдеріңіз дұрыс бағытты таңдаған. Оның  бітімгерлік ұстанымы әлемді алға жетелейтіні анық. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі ұйым Қазақстанның көмегімен бұл шартты заңды тұрғыда міндеттеп, ядролық сынақтардың өткізілуіне мүлдем жол берілмеу керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер