26 жыл қас қағым сәт болғанмен қазақ үшін ғасырға бергісіз кезең. Бар-жоғы ширек ғасырда еліміз биік белестерді бағындыра білді. Мемлекетіміздің негізі қаланған күннен бергі атаулы әрі айтулы оқиғалары Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында топтастырылды. «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітаптың тұсаукесері Астанада өтіп, оған еліміздің зиялы қауым өкілдері қатысты.

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Елбасымыздың ой толғаныстарынан тұратын, мемлекетіміздің негізін қалаған тұлғаның өз қолымен жазылған бұл кітапты, мен Тәуелсіздік энциклопедиясы дер едім. Бұл кітап 30 жылдық киелі тарихымызды қамтиды. Кітаптың алғашқы бетін ашып қалсаңыздар, сол кеңес одағы атты алып империяның күйреуінің қарсаңында болған саяси оқиғалар, неше түрлі қымғуыт-саяси, одақтас республикалардың басынан өткен жағдай. Соның барлығы сол заманның тарихын жасаған ұлы тұлғаның өз ауызымен айтылып, қолымен жазылған.

«Тәуелсіздік дәуірі» публицистика жанрында жазылған. Қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шықты. Туынды еліміздің жаңа тарихынан сыр шертеді. Президенттің тәуелсіздік туралы ой-толғамдарының жиынтығы. Тәуелсіздік шежіресін тұтас қамтыған кітап төрт бөлімнен тұрады. Мемлекеттің дүниеге келуі, ұлы бетбұрыс, қияға құлаш сермеу және қалыптасқан мемлекет деп аталады. Кезең-кезеңімен сипатталатын дәуірде жаңғуырудың үш бірдей толқыны кеңінен ашып көрсетілген.

ЕРЖАН БАБАҚҰМАРОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ КЕҢСЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұл кітапта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің тарихы мен болашағына деген терең толғауы жатыр . Туындыда тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде орын алған елеулі оқиғалар мен фактілер жан-жақты талданып, түсіндірілген. Кітапта мемлекетті іс жүзінде басқарудың және стратегиялық жоспарлаудың құнды тәжірибесі бар. Яғни, бұл өз кезегінде ертеңгі күнге сеніммен қарауға жетелейтін жалпыұлттық тұғырнама деуге болады.

Елбасы еңбегінде үлкен саясаттан бастап, тәуелсіздік тарихының әлеуметтік қырларына, рухани-мәдени құндылықтарға, осы кезеңдегі маңызды оқиғаларға үңілді. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген 33 жетістік жайлы терең ой шертеді.

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуы хронолгиялық әрі жүйелі еңбекте тәуелсіздік жылдары жаңғырудың үшін толқынына балаған НН ел тарихын кезең-кезеңге бөліп, әрбір саланың жеке дара қарастырады. Біз кітапта оқиғаның қалай өрілгенін, қалай шешілгенін қана емес, олардың түпкі себебі мен қисынын табамыз.

ЕРЛАН СЫДЫҚОВ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ РЕКТОРЫ:

 - Бұл кітапты БҰҰ ресми тілдеріне аудару керек. Және де бұны әлемге тарату жұмыстарын ұйымдастыруымыз керек. Және де осы тұғырнамасының негізінде кітаптың әртүрлі мәдени, саяси, ғылыми іс-шараларды ұйымдастыруымыз керек. Сонымен қатар оқу жоспарларына енгізуіміз керек. Мектеп болсын, университет, колледждер болсын. Осылайша тәуелсіздігіміздің канондық негізінде жазылған тарихы бар деп толық айта аламыз.

Сонымен қатар, кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғуашы күштері сараланған. Ертеңгі күнге деген автордың көзқарастарын да көруге болады. Елулікке ену бағдарламасын мерзімінен бұрын орындаған ұлы даланың ендігі межесі озық отыз елдің қатарынан табылау.

БҮРКІТБАЙ АЯҒАН, ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Ең бір құндылығы жастарға тәрбие ретінде және Қазақстан тарихын таәуелсіздік жылдарын оқып-түсініу үшін керемет дерек деп түсінеміз. Бір жағынан өзінің естеліктерін айтып отырса, екіншіден көптеген мәліметтерді пайдалаа отырып тәуелсіздік бізге қалай келді, қандай қиындық болды, біз қандай жетістікке жеттік және алдымызда қандай міндет тұрғанын ол кісі тамаша айтып кетті.

Жеңіс пен жетістік – жасқанбай алға ұмтылғанның еншісінде. Келешек тек жасампаз жастардың қолында болмақ. Бастысы, қолда бар құндылықтар мен тәуелсіздікті сақтап қалу. Бүгінгі ұрпаққа елбасының салар ойы осы болар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер