Қазақстанның транзиттік-экспорттық мүмкіндіктері артып келеді - Kazakh TV

Қазақстанның транзиттік-экспорттық мүмкіндіктері артып келеді. Әсіресе, халықаралық көлік-логистикалық қарым-қатынастың әлеуетін жақсартып, барынша кәдеге жаратудың жолдары қарастырылып жатыр. Жүк тасымалы дәліздерінің инфроқұрылымын жаңғыртумен қатар еліміздің кеден қызметін заңды тұрғыда қуаттау ісіне басымдық берілуде. Таяуда  ЕАЭО-тың кедендік кодексі ратификацияланған  болатын. Енді сәйкесінше еліміздің кеден кодексі  жетілдірілмек. Құжатқа кедендік тіркеу барысындағы қағазбастылық пен әкімшілік кедергілерді мейлінше қысқарту қамындағы толықтырулар енгізіліп отыр. Сондай-ақ электронды декларациялауға көшуді басты жаңашылдық ретінде атап өткен жөн. Мұның арқасында, қазақстандық шекарадағы кедендік рәсімдеу ісі 8 есеге тездетілді. Бұл үшін барлығы 4 сағат жұмсалмақ.  Сондай-ақ ондағы бизнес үрдістерді автоматтандырып «бір терезе» қағидатын ендіру көзделуде. Заң жобасына сәйкес, кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Олар шығындарды оңтайландыруға негізілген,-дейді сарапшылар.  

ҚУАТ РАХЫМОВ, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ КЕДЕНДІК РӘСІМДЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Жалпы кедендік рәсімдеу уақытын қысқарту арқылы, бұл үрдіске қажетті құжаттар тізімін азайттық. Мәселен экспорттаушылар үшін өнімін өткізуге бар болғаны үш-ақ құжат жеткілікті болады. Сәйкесінше рұқсатнама қағаздарының тәртібі жеңілдетілгендіктен тексеріс уақытына уақыт біршама аз жұмсалады. Біз жаңа кодекс әлемдік нарыққа еш кедергізіз шығу үшін халықаралық сауда талаптарын барынша қамтитын болады деп сенеміз.

МИХАИЛ БОРТНИК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Бұл жаңашылдықтардың барлығы біздің ұлттық бағдарламаларға сай жүріп жатыр. Бұл орайда «Цифрлы Қазақстан» жобасының маңызы зор.Кедендік қызметті барынша заманауи сандық технологиялармен қамту бизнес қауымдастық пен сала мамандарының бірқатар мәселелерін шешеді. Сондай-ақ сыртқа өнім шығару кезіндегі қажетті бюджетті тиімді есептеуге мүмкіндік береді. Құжатта Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалы үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер